04
қыркүйек
2023
Қамқоршылық кеңестің сайлануы жөніндегі конкурстың өткізілуі туралы
ХАБАРЛАНДЫРУ
«Алматы облысы білім басқармасының Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ұзынағаш ауылындағы №1 мектеп лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Қамқоршылық кеңестің сайлануы жөніндегі конкурстың өткізілуі туралы хабарлаймыз.
Үміткерлер 04.09.2023ж. - 24.09.2023ж. уақыт аралығында Комиссияға төмендегідей құжаттарды жіберулеріңізді сұраймыз:
- Өтініш (еркін түрде);
- Үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- Қазақ және орыс тілдеріндегі түйіндеме;
- Білімі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);
- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын құжаттар.
Электрондық пошта: 1litsey23@mail.ru